Parimatch сарапшысы Константин Пушкарев алдағы шайқасқа қатысты болжамымен бөлісті.
"Номад" - "Сарыарқа"
Кешегі матчтың нәтижесі көптеген хоккей әуесқойларын таң қалдырды. Қазақстанның тұрақты чемпионатының жеңімпазы, еліміздің қазіргі чемпионы, "Сарыарқа" хоккей клубы елордалық "Номадқа" 7:2 есебімен жеңілді. "Қырандардың" жеке статистикасында бұл көрсеткіш ағымдағы маусымның матчтарында ең көп өткізіп алған шайбалар саны болып шықты. "Көшпенділер" болса финалға шығу жарысында басып озып, үш ойында екі жеңіске жетті.
Қазіргі уақытта "Номад" қарсыласына қарағанда әлдеқайда белсендірек және жылдамырақ болып көрінеді. Көкшетаулық "Арланға" қарсы 1/4 финалда жеті матчтан тұратын серия елордалық командаға серпін алуға және сапалы ойын барысына кіруге көмектесті деп болжауға болады.
"Сарыарқа" үшін ойын жүргізу қиынырақ болып тұр. Дегенмен, "қырандардың" негізгі құрамында чемпиондыққа ие болган және лигада ұзақ уақыт бойы ойнап келе жатқан тәжірибелі хоккейшілер бар.
Константин Пушкаревтің айтуынша, алдағы матчтағы көшбасшылық "Номадқа" тиесілі. Алайда, "Сарыарқа" тәжірибесінің, сондай-ақ өршіл жаттықтырушының стратегиясының арқасында сериядағы есеп теңестірілуі мүмкін, өйткені алда чемпиондық үшін күресті жалғастыру мәселесі тұр.
Parimatch мамандары ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:
"Номад" - 2.46, Тең ойын - 4.10, "Сарыарқа" - 2.23