"Челси" - "Астон Вилла": Айдын Қожахметтің шайқасқа қатысты болжамы

"Челси" матчтарына қатысты бұндай нәрсе жазу үйреншікті жағдай емес, бірақ бізді чемпионаттың орта деңгейдегі командаларының қарсыласуы күтіп тұр.

Оған қоса, турнир кестесіндегі бірдей ұпай санымен көршілестер (командалар оныншы және он бірінші қатарларда орналасқан) арасындағы ойын кездесуі.

Parimatch сарапшысы Айдын Қожахмет алдағы ойын кездесуіне қатысты өз болжамымен бөлісті.

"Челси"

Грэм Поттердің "Челсидегі" жұмысын қалай бағалауға болады? Бір жағынан, АПЛ-дағы нағыз "тұрақсыздық", жеңістер түсініксіз жеңілістермен алмасып отыр. Бірақ екінші жағынан-лондондықтар айтарлықтай мықты дортмундттық "Боруссиядан" жеңісті жұлып алып, Чемпиондар Лигасының ширек финалына шықты.

Тұрақтылықтың жоқтығы, ең алдымен, жарақат алған футболшылардың көптігімен түсіндіріледі. Сонымен, бұл жолы Поттерге орындаушылардың оңтайлы үйлесімін көрсету қиын болады, өйткені ұзақ уақыт бойы жарақатына байланысты істен шыққан Брои, Тьяго Силва және Нголо Кантені есепке алмағанда, бірден бірқатар ойыншылардың алаңға шығуы сұрақ астында.

"Астон Вилла"

Унаи Эмери, құрамалар матчтарына байланысты жасалған үзіліске іші ашыған шығар, өйткені оның командасы соңғы төрт кездесуде алдыға жылжып, АПЛ-да 10 ұпай жинап, кестедегі жағдайын жақсартқан болатын. "Вилла" мәжбүрлі үзілістен кейін де тиімді бола ала ма деген ой туындайды.

Екінші жағынан, үзіліс командаға жарақат алғандардың айығуына мүмкіндік берді. Сондықтан, жаттықтырушыға "Стэмфорд Бриджде" Коутиньо, Кэш, Камара, Дендокердің төрттігінің біреуін алаңға шығару мүмкіндігі туындады.

Жеке кездесулер тарихы

Жалпы, бұл қарсыластардың бетпе-бет кездесулерінің статистикасы "Астон Вилланың" пайдасына көрсетіп тұрған жоқ, бірақ соңғы матчта сәттілік бирмингемдіктердің жағында болды. Бірақ бұл жолдастық кездесуде болған жағдай, сондықтан ол есепке алынбады. Ресми матчта "Астон Вилла" жеңіске 2 жыл бұрын жеткен. Ал сол уақытқа дейін және тіпті сонау 2014 жылы болған екен. Бір сөзбен айтқанда, статистикаға сүйенетін болсақ, онда жеңісті "Челси" қанжығасына байлауы тиіс. Алайда, футболда бұндай есептер мен болжамдар жұмыс істемейді.

Матчқа болжам

"Челси" осы маусымда жақсы нәтиже көрсетіп жатқан жоқ, бірақ "көктер" қақпасына голдарды да көп өткізіп жатыр деп айтуға болмайды. "Вилла" болса ондай көрсеткіштермен мақтана алмайды: Эмери командасы 35 гол соқты, бұл"көктерге" қарағанда 6 допқа көбірек болғанымен, бирмингемдіктер 27 матчта 39 допты қақпасына жіберіп алған.

Менің ойымша, "Стэмфорд Бриджде" бірнеше гол соғылады. Parimatch матчтың 2,5 артық жалпы тоталына 1.94 коэффициентін ұсынып отыр. "Челси" жеке тоталы үшін 1,5 артық нұсқасына берілген коэффициенті өте тартымды - 1.81. Меніңше, екі нұсқа да іске асатын сияқты.

Parimatch мамандары ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:

«Челси» - 1.66, Тең ойын - 3.85, «Астон Вилла» - 5.70


Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: