"Бізде мынандай сұлу бар. Бұл - біздің Маруся. Бүгін біз үйдеміз. Ертерек келдік. Оқуда отырмыз. Ал әйелім тамақ әзірлеп жатыр. Сондай бір тамаша кеш! Мен бақыттымын", - дейді ол видеода.
Ал видео сипаттамасына: "Үйде мысығым мен әйелім бар! Балалар жаттығуға кеткен! Ал ата-анам өз үйінде, таяуда саяхаттан келді! Құдайға шүкір, төрт құбыласы сай еркектің бірімін! Құдай барлықтарыңызды жарылқасын!" деп жазыпты.
Желі қолданушылары ақкөңіл Ильиннің ғашық кейпін көргеніне шүкіршілік айтып, "көз тимесін" деп жарыса жазып жатыр:
- Ғашықсыз ғой. Бақытты болыңыздар!
- Көз тимесін, тфа-тфа.
- Маруся шынымен де сұлу екен)
Айта кетсек, қазақстандық ауыр атлет, үш түрлі салмақ дәрежесінде төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин 12 қаңтарда екінші рет үйленген болатын. "Хабар" арнасында қос жұптың беташар рәсімі өткізілген болатын.
Танымал спортшы "бизнес вумен" Татьяна Гордиенкомен көңіл жарастырғаны белгілі болды. Спортшының бірінші әйелінен Милана атты қызы бар. Илья Ильинге ажырасу ауыр тиген еді. Бір сұқбатында қызы үшін қайта қосылуға да дайын екенін айтқан.