"Реал" клубы жазда Мбаппені тағы да өздеріне "тартып" көрмекші

Сурет: Instagram/k.mbappe
"Реал" алдағы трансферде ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе үшін таласуға дайын, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Telegraph-тың хабарлауынша, Мадрид клубы "Боруссияның" жартылай қорғаушысы Джуд Беллингеммен бірге ПСЖ форвардымен келісімшартқа отыруға ниетті. Жазғы трансфер кезінде екі ойыншы да өз келісімін беріп, клубқа ауысатын болса, онда "Реал" рекордтық шығындарға ұрынатын болады. 

Мадридтік клуб Лионель Месси мен Неймардың кетуінен кейін ПСЖ-да туындаған дүдамал кезеңді пайдалануға тырысады. Сондай-ақ, клуб Мбаппенің жанкүйерлерге арналған ролигіне байланысты дауды да пайдалануға ниетті. Ол түсірілімге тек Мбаппе ғана қатысқан. "Париждіктер" басқа жұлдызды ойыншыларды шақырмай қойған еді. 

Испандықтар французды негізгі ойыншы етіп тағайындап, оның айналасында команда құруға ниетті.

Өткен жылдың мамыр айында Мбаппенің 2025 жылға дейін "ПСЖ"-мен жаңа келісімшартқа отырғаны белгілі болды. Бұған дейін футболшының мадридтік "Реалмен" келісімге қол қойғаны хабарланған болатын. Алайда одан соң ешкім ешқайда ауысқан жоқ.

Еуроодақ
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды