Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) басшысы Умар Кремлев 2025 жылы өтетеін әлем чемпионатының жүлде қоры екі есе ұлғайғанын мәлімдеді.
"2025 жылғы әлем чемпионатының жүлде қоры 10 миллион долларға тең болады. Мен өз еліңді танытудың қаншалықты маңызды екенін білемін, бірақ ақша табу, өзіңді және отбасыңды қамтамасыз ету де маңызды. Ташкентте әлем чемпионатында бесінші орын алған боксшылар марапатталады, оларға үш мың доллардан беріледі. Ал келесі әлем чемпионатында бесінші орын алған боксшылар он мың доллар алады. IBA басшысы Умар Кремлев
IBA президенті спортшылардан бөлек, олардың жаттықтырушысы да сыйақыға ие болатынын атап өтті.
"Турнирде жүлде алған боксшы алған қаражатының 10 пайызын бапкеріне беруі керек. Жаттықтырушылар да чемпионат есебінен табыс тапса екен деймін. Менің міндетім – әлем чемпионатын боксшылар үшін ең маңызды турнирге айналдыру. Біз әділдік пен ашықтық үшін күресіп жатырмыз. Егер әділетсіздікке тап болсаңыз, міндетті түрде хабарлаңыз, біз оны реттейміз, оны жеке өзіме айта аласыз". Умар Кремлев
Сонымен қатар Умар Кремлев Халықаралық бокс федерациясында барлығы ашық болатынын баса айтты.
"IBA – бокстан сіздің үйіңіз. Бізде саясат жоқ – тек бокс. Біз боксшылардың, жаттықтырушылар мен федерацияның мүддесін қорғаймыз". Умар Кремлев
Ал 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионаты жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алған өзбек боксшыларының табысымен аяқталды. Ринг иелері бес алтын, екі күміс және екі қола медаль алды. Медальдық есепте Қазақстан құрамасы екінші орында, боксшыларымыздың қорында 4 "алтын" мен бір "күміс" бар. Ресейліктер үшінші орында (2-0-4).
Турнирдің жалпы жүлде қоры 5,2 миллион доллар болды. Бұл жарыста алтынға ие болған жүлдегерлер Халықаралық бокс қауымдастығынан (IBA) 200 мың доллар алады. Күміс жүлдегерлерге 100 мың доллар, қола жүлдегерлерге 50 мың доллар беріледі.
2025 жылы бокстан әлем чемпионаты Осака қаласында (Жапония) өтеді.