Канн кинофестивалі: Қазақстандық теннисші жұбайымен бірге қызыл кілеммен жүріп өтті

Сурет: Instagram/bublik
76-шы Канн кинофестивалінің ашылу салтанатына шақырылған құрметті қонақтар арасында әлем жұлдыздарымен қатар Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик те жұбайымен бірге төбе көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші Александр Бублик жұбайын қолтықтап алып, Канн кинофестивалінің қызыл кілемімен жүріп өтті.


Рим (Италия) корттарында өткен ірі турнирде өнер көрсеткен Александр Бублик бұл күндері бірнеше күнге демалыс алған. Жекелей сында үшінші айналымға дейін жеткен қазақстандық теннисші әлемнің төртінші ракеткасы - норвегиялық Каспер Руудқа жол берді.

Енді "Ролан Гарос" старты алдында Бублик екі күннен кейін басталатын Женевадағы (Швейцария) ATP 250 турнирінде өз бағын сынап көрмекші. 

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты