"ПСЖ" Мбаппені "Реалға" 250 миллион еуроға жіберуге келісті

Сурет: Instagram/k.mbappe
Француз шабуылшысы Килиан Мбаппе жақын арада испандық "Реал Мадридтің" жейдесін киетін болды. Корольдік клуб 24 жастағы шабуылшыны 250 миллион еуроға ауыстыруға келісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

PSG Community таратқан мәлімет бойынша, франциялық клубтың иесі Тамим бин Хамад әл Тани "Реал Мадридтің" бас бапкері Флорентино Переспен келіссөз жүргізгеннен кейін Мбаппені сатуға келісті. Трансфердің жалпы сомасы 250 миллион еуро деп бағаланды, оның 200 миллионы бірден "париждіктердің" есепшотына, ал қалған 50-і бонус түрінде аударылады.

Сурет: Instagram/k.mbappe

Енді "Реал Мадридтің" ресми мәлімдемесін күту қалды. Мбаппе бұған дейін "ПСЖ-ға" келісімшартты 2025 жылға дейін ұзартпайтынын ескерткен.

Мбаппе өткен маусымда 34 ойынға қатысып, 29 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді. Ал 2022 жылы Қатарда өткен футболдан әлем чемпионатында 8 голмен үздік сұрмерген атанса, оның командасы әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

Елена Рыбакина Торонто турнирінің жартылай финалына шықты

Магистратура грантына кімдер таласа алады

Мектеп сөмкесі қандай болуы керек: Денсаулық сақтау министрлігінің кеңестері