Қазақстандық миллиардер "Формула-1" автожарысына қатысатын команданың иегері атанды

Сурет: Instagram/f1
Қазақстандық миллиардер Владимир Ким құрамына алты команда кіретін Hitech Global Holdings компаниясының 25 пайыз акциясын сатып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жаңалықты компанияның ресми сайты жариялады, алайда келісім сомасы көрсетілмеген.

Hitech GP жарыс командасы "Формула-2" және "Формула-3" чемпионаттарына 2002 жылдан бері қатысып келеді. Команда жақында "Формула-1" авто жарысының лицензиясын алды. Hitech GP ол жарысқа 2026 жылдан бастап қатысады деп жоспарланып отыр.

Forbes журналының мәліметінше, Кимнің байлығы 4,6 миллиард долларға бағаланған. Кәсіпкердің өзінің сөзінше, бұл инвестиция автоспорттағы бірінші инвестиция болды.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Алматыда қаза тапқан полиция қызметкері жеті баланың әкесі болған