Футболшының мұндай жазаға ұшырауының басты себебі - Париж клубы басшылығына оның арадағы келісімшартты ұзартуға ниетті болмауы ұнамаған. Ашуға мінген ПСЖ егесі Насыр әл-Хелаифи Мбаппені негізгі команда сапына қосудан бас тартты. Ол Килиан өзіне опасыздық жасады деп санайды және оны кешіргісі де жоқ.
ПСЖ Мбаппесіз Жапония мен Кореяға гастрольдік сапарда төрт жолдастық кездесу өткізіп, екеуінде жеңіліске ұшыраса, бір рет тең түсті, тағы бір жеңісі де бар. Париждіктердің испан тәлімгері Луис Энрике форвардқа арқа сүйеп, оны команда сапында қалдырғысы-ақ келеді, бірақ клуб басшылығы бұл шешімге рұқсат бермеді. Сондықтан Мбаппенің 12 тамызда өтететін "ПСЖ"-"Лорьян" кездесуіне қатысу-қатыспауы белгісіз.
Сурет: Instagram/k.mbappe
Париж суперклубының әкімшілігі Мбаппеге қатысты ұстанымдары қандай екендігі әлі түсініксіз екенін аңғартып үлгерді. Оны жіберсе, бір жағынан клубтық жобаны бұғаттайды, ал екінші жағынан негізгі бәсекелесті күшейте түседі. Париждіктер футболшының 2024 жылдың жазына қарай "Реалмен" келісімшартқа отыратындығына сенімді.
Қазір "ПСЖ" Мбаппенің жағдайы бойынша ФИФА-ға ресми түрде шағым түсіру мүмкіндігін қарастырып жатыр.