Дзюдодан Загребте өтіп жатқан Гран-при турнирінде ел қоржынына алғашқы жүлде түсті

Сурет: instagram.com/kaz_judoteam
Қазақстандық дзюдошы Айболат Ыстыбай осы күндері Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан Гран-при турнирінде қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық спортшы 66 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдесуде Кипр өкілі Георгиос Баларджишвилимен кездесіп, шидодан жеңіске жетті. Бұл - бұл турнирде ел қоржынына түскен алғашқы медаль.


Турнирге Қазақстаннан барлығы 11 дзюдошы қатысып жатыр.

Айта кетейік, Гран-при кеше, 18 тамызда басталып, 20 тамызда аяқталады.

Жарысқа барлығы 85 елдің дзюдошылары қатысып жатыр. Ең көп спортшы Италия мен Франциядан барған (әрқайсынан 23 дзюдошы). Бразилиядан 22 спортшы бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді