Аустриялық теннисші Юрий Родионов Astana Open турнирінің екінші айналымына өтті

Юрий Родионов. Сурет: ktf.kz
Astana Open ATP 250 турнирінің бірінші айналымында франциялық теннисші, әлемнің 63-ракеткасы Грегуар Баррер мен Аустрия өкілі Юрий Родионов кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы сетте франциялық теннисші 6:2 есебімен басым түссе, келесі партияда аустриялық спортшы есепті теңестірді – 6:4.

Бұл матчтың жеңімпазы тай-брейк арқылы анықталды. Онда аустриялық Юрий Родионов 7:6(5) есебімен жеңіске жетті.

2 сағат 21 минутқа созылған матч кезінде Грегуар Баррер төрт эйс пен бір қос қате жасады. Ол сегіз брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды.

Грегуар Баррер. Сурет: ktf.kz

Ал оның қарсыласы - Юрий Родионов төрт эйс пен бір қос қате жасады. Төрт брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды.

Айта кетейік, Юрий Родионов Astana Open турнирін іріктеу кезеңдерінен бастады. Ол ресейлік Евгений Донской мен жаңазелендиялық Рубин Стэтхэмді жеңіп, негізгі кезеңге жолдама алды.

Еске салайық, бұған дейін франциялық теннисші Адриан Маннарино Astana Open турнирінің бірінші айналымында жеңіске жеткен еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады