Азия ойындарының қола жүлдегері Аян Тұрсын неге жылап қалғанын айтты

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Туризм және спорт министрлігі ушу-саньдадан Азия ойындарының қола жүлдегері Аян Тұрсынның қысқаша сұқбатының видеосын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жаттығуларға қатыса бастағаннан өз-өзіме сенімді бола бастадым. Спортқа 10 жасымда кірістім. Бастапқы 10 жылда таэквондоға қатысқан болатынмын. Одан әртүрлі спорт түрлерін сынап көрдім. Ақыры осы ушуға келіп тоқтадық", - дейді Аян Тұрсын.

Сондай-ақ ол соңғы жекпе-жегінде көзіне неге жас алғанын айтты.


"Ушу-саньда - Қытайдың ұлттық спорт түрі. Оның үстіне жарыс осы елде өтіп жатыр. Сондықтан осы қарсыласыма мықтап дайындалып, оны жеңемін деп келген болатынмын. Өкінішке қарай, оның бағы жанды. Намыстандым, әрине. Көзіме жас алдым содан", - дейді Аян Тұрсын.


Спортшы өз сұқбатында анасы жайлы да айта кетті.

"Анам жекпе-жек болып жатқанда менің өнерімді тамашаламайды. Кейін қайталап көріп жатады. Анамның мәнтісін сағындым. Жусай қосып ашыған қамырмен жасайды. Үнемі жарыстардан қайтқанда сол мәнтіні дайындап, анам мені қарсы алады", - дейді Аян.
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді