Astana Open турнирінің барлық ширек финалисі анықталды

Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP 250 Astana Open турнирінің ширек финалына шыға алмады. Александр екінші айналымда әлемдік рейтингіде 58-орында тұрған аустриялық Себастьян Офнерден 4:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Енді Себастьян Офнер 1/4 финалда өз отандасы Доминик Тиммен кездеседі, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.

Теннисшілер осымен бесінші рет ойнағалы жатыр. Әзірше Доминик Тим 3-1 есебімен алда тұр.

Ширек финалдық қалған матчтарда келесі теннисшілер ойнайды:

Ал жұптық сында Александр Недовесов жартылай финалға бір қадам жетпей тоқтады. Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге 1/4 финалда Ариэль Беар (Уругвай)/Адам Павласекке (Чехия) 3:6, 6:4, 5:10 есебімен есе жіберді.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстандық теннисшілердің Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел