Қазақстанда жеңіл атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы ашылады

Сурет: akorda.kz
Туризм және спорт министрлiгi "Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы" үкімет қаулысын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Астана" Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнынан Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Жеңіл атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынды бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын", – делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып есептеледі.

Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні спорт саласындағы қызметті іске асыру болып белгіленбек.

Құжатта жазылғандай, ҚР Үкіметі қаулысының жобасы әлемдік тәжірибеге сәйкес ұлттық олимпиада резервін дайындау және Жеңіл атлетика спорт кешенінің базасында жеңіл атлетикадан Олимпиадалық даярлау орталығын құру туралы ҚР президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген.

30 қазанға дейін қоғам болып талқылау үшін қаулы жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Қазақстан
Ашық НҚА

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды