Алуа Нұрманова Qatar Masters Open бәсекесінде жүлдегер атанды

Сурет: Спортты дамыту дирекциясы
Шахматшы Алуа Нұрманова Дохада өткен Qatar Masters Open бәсекесінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық құрама ойыншысы 9 турдан кейін 4,5 балл жинады. Осылайша, ол Халықаралық спорт шеберінің бірінші нормасын және әйелдер Гроссмейстерінің екінші нормасын орындады.

Үндістандық Рамешбабу Вайшали мен Дивья Дешмух 5 ұпайдан алды. Қосымша көрсеткіш бойынша алғашқысы топ жарды.

Qatar Masters Open – әлемдегі ең беделді шахмат турнирінің бірі. Мұнда ФИДЕ рейтингі 2 300-ден жоғары ойыншылар ғана сынға түсе алады. Биыл 44 елден 252-ден астам шахматшы жиналды. Оның ішінде 8 шахматшының рейтингі 2 700-ден асқан, ал 60-тан астамы – гроссмейстер атағын алғандар. Турнирдің жүлде қоры – 108 250 АҚШ доллары. Бас жүлде иегері 25 000 АҚШ долларын алады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты