Дзюдошы Ерғали Шамей Азия пара ойындарының чемпионы атанды

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі
2023 жылғы 24 қазан күні IV Азия пара ойындарының дзюдодан жарыс финалында екі қазақстандық кездесіп, жеңіс астаналық Ерғали Шамейге бұйырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, шешуші кездесуде Ерғали Шамей отандасы Асылан Нұрдәулетовпен күресті.

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Осылайша, қазақстандық пара дзюдошылар Қазақстан командасының қоржынына үшінші алтын және бесінші күміс медальді салды.

"Біздің дзюдошылар тағы да керемет нәтиже көрсетті! Қазақстан сіздермен мақтанады және сіздерге жанкүйер. Алдағы турнирлерде де Қазақстан гимні шырқала берсін. Жаңа белестерді бағындырып, жарқын жеңістерге жете берулеріңізге тілектеспін", – деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Азия пара ойындарында Қазақстандық каноэшілер Жалғас Тайкенов пен Бибарыс Спатай жұбы екі бірдей күміс жүлдеге ие болды.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін