Министр Instagram парақшасында ескек есу сайысында жерлестеріміз жүлдесіз қалса, байдарка мен каноэ есуде 1 алтын, 4 күміс және 3 қола жеңіп алғанын жазған.
"Азия ойындарының алдында федерация басшылығы жүлде саны мен сапасы жағынан жоғары нәтиже көрсететінін мәлімдеген еді. Өкінішке қарай, спортшыларымыз Ханчжоуда функционалдық және дене даярлығының әлсіз екенін көрсетті. Сондай-ақ спортшылар ішкі тәртіп ережесіне бағынған жоқ. Бұл жағдай жалпыкомандалық нәтижеге де кері әсерін тигізді".Ермек Маржықпаев
Оның айтуынша, қазір басты мақсат – Париж олимпиадасының жолдамасын иелену.
"Қалған 8 айда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, алға қойған мақсатты орындау керек. Ал ұлттық құрама жаттықтырушылары өз міндеттерінен бөлек, спортшыларды Париждегі ойындарға физикалық және психологиялық тұрғыда жақсы дайындықпен апаруға тиіс".Ермек Маржықпаев