2024 жылғы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын қазақстандық спортшылардың тізімі белгілі болды

Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы IV қысқы Олимпиадаға Қазақстаннан қатысатын 42 жас спортшының есімі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰОК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Оңтүстік Кореяда еліміздің намысын келесі спортшылар қорғайды:

Биатлон: Алема Қарабаева, Ілияс Хасенов, Эвелина Мезенцева, Антон Редкин, Мария Воробьева және Кирилл Зотов.

Тау шаңғысы: Ростислав Хохлов пен Александра Скороходова.

Керлинг: Мерей Тастемір мен Ибрагим Тастемір.

Конькимен жүгіру: Руслан Жанаділов, Михаил Матрюхин, Алина Шүмекова және Кристина Шүмекова.

Шаңғы жарысы: Берік Боранбаев, Әубәкір Тотанов, Милана Мамедова және Виолетта Митропольская.

Трамплиннен секіру: Илья Мизерных, Илья Шильников, Софья Шишкина және Алена Свириденко.

Фристайл-могул: Юлия Феклистова мен Денис Раструба.

Шорт-трек: Мейіржан Төлеген, Ерасыл Шыңғысхан, Анастасия Астраханцева және Полина Омельчук.

Шайбалы хоккей: Темірлан Айболұлы, Бексұлтан Мақыш, Арсений Кучковский, Әділхан Саттар, Никита Кулаков, Матвей Решетко, Расул Тұрсынов, Арман Төлен, Жаһангер Тілеухан, Тайыр Бигаров, Егор Кравченко, Роман Мичуров, Әнуар Ахметжанов.

Екі сатылы шаңғы сайысы: Арман Қуаныш.

Қаңтардың 19-ы мен ақпанның 1-і аралығында Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы Каннын қаласында IV қысқы жастар Олимпиадасы өтеді.

Қазақстан 10 бағдарлама бойынша 42 спортшыны жібереді.

Біздің делегация құрамында ресми тұлғалар, жаттықтырушылар, дәрігерлер және БАҚ қызметкерлері бар 80-нен астам адам болады.

Бұл жарыстарға барлығы 79 елден 1900-ге жуық спортшы қатысуды жоспарлап отыр.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: