Қазақстандық спортшы пара оқ атудан әлем кубогінде екінші орын алды

Сурет: instagram/csp_parasport.kz
Қазақстан спортшысы Еркін Ғаббасов пара оқ атудан әлем кубогінде екінші орын алып, Париж-2024 Паралимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еркін Ғаббасов R1 дисциплинасының жартылай финалында 7-орынға тұрақтап, финалға шықты. Ақтық сында еліміздің спортшысы 246,8 ұпаймен жарыстың күміс жүлдесіне ие болды. Ал алтын медальді 249 ұпай жинаған кореялық Дж.Ли алса, үшінші орын 224.8 ұпай жинаған Грекияның спортшысы С.Галогавросқа бұйырды.

"Жарыстың жеңімпазы кореялық Джангхо Лида Паралимпиада ойындарының жолдамасы болғандықтан, екінші орын алған қазақстандық спортшыға Париж-2024 лицензиясы беріледі. Осымен биылғы Паралимпиада ойындарына 11 лицензиямыз бар. Бұған дейін волейболды отырып ойнау құрамасы, пара каноэдан Спатай Бибарыс, пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков, пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев, пара жүзуден 3 спортшы, пара таеквондодан Камиля Досмалова, Нұрлан Домбаев және Нышан Өмірәлі алған болатын. Енді міне пара оқ атудан Еркін Ғаббасов байрақты додаға жолдама алып отыр. Паралимпиада ойындарына дейін лицензиат спортшылардың саны әлі артады деп сенемін". Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Сұлтанбек Қаби

Айта кетейік, пара оқ атудан WSPS әлем кубогы Нью Делиде 6-15 наурыз аралығында өтеді. Жарысқа 49 елден 268 спортшы қатысып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Синоптиктер Алматыда ыстықтың беті қашан қайтатынын айтты. Бір аптаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық альпинист Конституция мен домбыраны Памир шыңына алып шығып, патриотизмді паш етті

Ғалымдар құны алтыннан да қымбат болатын сирек кездесетін минералды тапты

"Қазгидромет" Алматы мен Өскемен тұрғындарына ескерту жасады