Дзюдодан АЧ-2024: Қазақстан қоржыны үшінші қола медальмен толықты

Сурет: Оlympic.kz
Эсмигуль Куюлова Гонконгта дзюдодан өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болып, Қазақстан қоржынына осы жарыстағы үшінші медальды салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде спортшы жұбаныш раундында жеңіске жетіп, қола медальға таласу мүмкіндігіне ие болды.

Куюлова түркімен балуаны Зульхимар Дашкиновамен күш сынасты. Бастапқыда жерлесіміз 1: 0 есебімен жеңіп жатса, жарыстың аяқталуына соңғы секундтар қалғанда иппон рәсімдеп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. 

21 жастағы Куюлова үшін бұл - ересектер арасындағы Азия чемпионатындағы алғашқы медалі.

Кешегі жарыс күнінде Қазақстан қоржынына екі қола медаль түсті. Оның бірін Ғалия Тынбаева (48 келі), екіншісін Жанарыс Рахметқали (66 келі) еншіледі.

Ал бүгін Абылайхан Жұбаназар мен Эсмигуль Куюлова қола медальға таласатыны хабарланған.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз