Дзюдодан АЧ-2024: Жұбаназар мен Куюлова қола медальға таласатын болды
Сурет: Оlympic.kz
Дзюдодан Гонконгта өтіп жатқан Азия біріншілігінің екінші жарыс күнінде екі қазақстандық спортшы қола медальға таласады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ерлер арасында 81 келіде бақ сынайтын Абылайхан Жұбаназар жартылай финалда Оңтүстік Корея өкілі Ли Джун Хваннан жеңіліп, қолаға күресу мүмкіндігін алды.
Ал қыздар арасында 63 келіде сынға түскен Эсмигуль Куюлова жапон спортшысынан ұтылған соң, жұбаныш белдесуінде үнділік спортшыны жеңді.
Бүгін татамиге шыққан басқа спортшыларымыз жүлдеге жақындай алған жоқ. Олардың қатарында былтырғы Азия чемпионы Данияр Шамшаев та бар.
Кешегі жарыс күнінде Қазақстан қоржынына екі қола медаль түсті. Оның бірін Ғалия Тынбаева (48 келі), екіншісін Жанарыс Рахметқали (66 келі) еншіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript