Дзюдодан АЧ-2024: Қазақстан қоржыны үшінші қола медальмен толықты
Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде спортшы жұбаныш раундында жеңіске жетіп, қола медальға таласу мүмкіндігіне ие болды.
Куюлова түркімен балуаны Зульхимар Дашкиновамен күш сынасты. Бастапқыда жерлесіміз 1: 0 есебімен жеңіп жатса, жарыстың аяқталуына соңғы секундтар қалғанда иппон рәсімдеп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
21 жастағы Куюлова үшін бұл - ересектер арасындағы Азия чемпионатындағы алғашқы медалі.
Кешегі жарыс күнінде Қазақстан қоржынына екі қола медаль түсті. Оның бірін Ғалия Тынбаева (48 келі), екіншісін Жанарыс Рахметқали (66 келі) еншіледі.
Ал бүгін Абылайхан Жұбаназар мен Эсмигуль Куюлова қола медальға таласатыны хабарланған.