Дзюдодан әлем чемпионаты: бүгін татамиге шыққан барлық балуанымыз жеңілді

Сурет: olympic.kz
Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының екінші жарыс күні Қазақстан құрамасы үшін сәтсіз болды, деп жазады Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін татамиге шыққан төрт балуанымыз да бірінші белдесуден өте алмады. 

66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев израильдік Тал Фликрден жеңілді. Осы салмақтағы жас балуан Жанарыс Рахметқали франциялық Валид  Хиярдан айла асыра алмады. 

73 келідегі Бақытжан Әбдурахманов германиялық Игорь Вандткеден ұтылса, Данияр Шамшаев әзербайжандық Әділ Османовқа айла көрсете алмады. 

Сондай-ақ 57 келідегі Бақыт Құсақбаева да түркиялық қарсыласына жол берді. Осылайша, екінші жарыс күнінде қазақстандық дзюдошылар жүлде ауылына жақындай алмады. 

Айта кетелік, кеше Абиба Әбужақынова (48 келі) қола жүлдегер атанса, Елдос Сметов (60 келі) бесінші орыннан көрінген болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді

Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды