Дзюдодан әлем чемпионаты: Қазақстан ерлер командасы жарысты жүлдесіз аяқтады

Сурет: olympic.kz
Дзюдодан Абу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы жүлдесіз қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін татамиге шыққан спортшыларымыздың барлығы да жеңіліс тапты. 

100 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Нұрлыхан Шархан даниялық Дэниел Эйчке есе жіберді. 

100 келіден жоғары салмақтағы Ерасыл Қажыбаев бахрейндік Азамат Чотчаевтан ұтылды. 

+78 келідегі Камила Берліқаш екінші айналымда қытайлық спортшыға жол берді. 

Осылайша, Қазақстан құрамасы дзюдодан әлем біріншілігін бір қола медальмен аяқтап отыр. 48 келідегі Әбиба Әбужақынова ғана жүлдеге ілікті. 

Қалған спортшыларымыз түгел жеңіліп қалды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр