"Кешіріңіздер!". Александр Бублик Париж Олимпиадасындағы жеңілісінің себебін атады

Сурет: ҰОК
Александр Бублик жұптық сындағы жеңілістен соң шағын сұхбат беріп, Париждегі сәтсіздігінің себебін атады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Матчқа баға беру қиындау енді. Әрине, мүмкіндігіміз болды. Бірнеше рет брейк-пойнт болды, бірақ жеме-жемге келгенде оны сәтті жүзеге асыра алмадық. Теннис қой, енді. Не дейміз енді? Медальді айтпағанда, жеңіске жету де қолдан келмеді. Қазақстан жұртшылығынан кешірім сұраймын, медаль түгіл, тіпті бір-екі матчқа да көзайым ете алмадық. Өте ыңғайсызданып тұрмын. Біз Сашамен (Недовесов - ред.) жұптық сында өнер көрсеткен емеспіз, қателеспесем, соңғы рет 2022 жылы ойнадық қой деймін бірге. Мұнда жұптасып жаттығу жасай алдық енді, бір сетте жеңіске жеттік. Баға беру қиын. Соңғы кездері жұптық сында ойнап жүргенім жоқ. Онымен бірге ойнап, тәжірибе жинақтамадық. Әрине, бұл ақталу емес. Біз кем дегенде бүгінгі қарсыластарымызды жеңуіміз керек еді", - деп olympic.kz Бубликтің сөзін келтіреді.  

Бұған дейін Қазақстан теннисшілері Олимпиада ойындарын тегістей аяқтағанын хабарлаған едік. Александр Бублик пен Александр Недовесов жұптық сында бразилиялық тандем - Тиаго Монтейро мен Тиаго Уайлдтан 4:6, 4:6 есебімен жеңілді.

Қазақстан
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жылусыз, сусыз бірақ алтынға бай: әлемдегі ең биік қалаға адамдар неге ағылып жатыр

Алматы әкімдігі нөсерден кейінгі жағдайға түсініктеме берді

ІІМ электромобильдерге арналған мемлекеттік нөмір үлгілерін бекітті

Қазақстанда алғашқы медициналық көмек қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу тәртібі белгіленеді

Давид Лория әкесіне іздеу жарияланғаннан кейін мәлімдеме жасады