Дакарда Қазақстан атынан сынға түсіп жатқан жалғыз таеквондошы жартылай финалға өтті

Таеквондо, Любовь Юн, жасөспірімдер, Олимпиада, Дакар, жартылай финал , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2026 20:24 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасының таеквондошысы Любовь Юн Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

63 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі ширек финалда отандасымыз Бразилия өкілі Рафаэла Мейреллес да Костамен кездесті.

Любовь Юн айқын басымдық танытып, екі раундта да жеңіске жетті. Алғашқы кезеңде 7:2, екінші раундта 11:2 есебімен басым түсті. Осылайша, жалпы есепте 2:0 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды. Енді қазақстандық спортшы финалға шығу үшін сербиялық Эма Зечировичпен кездеседі.

Айта кетейік, Любовь Юн – жасөспірімдер Олимпиадасы-2026 аясында таеквондодан Қазақстан атынан сынға түсіп жатқан жалғыз спортшы.

Айта кетейік, бұған дейін бокстан Ақнұр Тұрсынғали (57 келі), Бибарыс Әшірбай (70 келіге дейін) ақтық сынға өткен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: