Дэвис кубогында Бейбіт Жұқаев қарсыласын жеңді

Сурет: ҚТФ
Дэвис Кубогының I әлемдік тобы аясында Данияға қарсы ойындарда отандық теннисші Бейбіт Жұқаев жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Дэвис кубогы" бірінші әлемдік тобындағы Қазақстан мен Дания арасындағы матчтың қорытынды ойынында Жұқаев Филипп Херттен 3:6, 6:4, 10:8 есебімен басым түсті.

Қазақстан мен Дания арасындағы қорытынды есеп 3:1 болып, қонақтар пайдасына шешілді. 

Теннистен Қазақстан құрамасы 2024 жылы 14 қыркүйекте Данияға қарсы ойындарды бастады. Кортқа алғашқылардың бірі болып Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик шықты. Ол Эльмер Мюллерге есе жіберді. Одан кейін өнер көрсеткен Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко (әлемнің 57-ракеткасы)  Август Хольмгреннен (әлемнің 166-ракеткасы) жеңілді. Ал бүгін Қазақстан құрамасы Дэвис Кубогының I әлемдік тобы аясында Данияға қарсы үшінші кездесуін өткізді. Александр Бублик пен Александр Недовесов жұбы 6:7, 3:6 есебімен екі сетте де даниялық Хольмгрен мен Ингильдсенге жол берді.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!

Серіктестік материал

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Найзағай мен нөсер жаңбыр: қазақстандықтарға 8 қыркүйектегі қолайсыз ауа райы туралы ескертілді

Соболенко Рыбакинамен бірінші орын үшін таласқа қатысты пікір білдірді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды