Жаңалықтар тізбегі
0

Дэвис кубогы-2024: Теннистен Қазақстан құрамасы жанкүйерлерін жерге қаратты

Теннис, Дэвис кубогі, Қазақстан құрамасы, Дания, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2024 16:25 Сурет: ktf.kz
Теннистен Қазақстан құрамасы Даниядан өз алаңында таза ұтылып, тобы бойынша бір сатыға төмендеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы Дэвис Кубогының I әлемдік тобы аясында Данияға қарсы үшінші кездесуін өткізді (14-15 қыркүйек, Beeline Arena, Астана). Александр Бублик пен Александр Недовесов жұбы 6:7, 3:6 есебімен екі сетте де даниялық Хольмгрен мен Ингильдсенге жол берді, деп жазады sportarena.kz.

Үш кездесуде де даттықтар оқ бойы озық шықты. Есеп - 3:0. Осылайша Қазақстан құрамасы Дэвис Кубогының финалына арналған жолдаманы сарапқа салатын іріктеу ойындарына қатысу мүмкіндігінен айырылды. Қазақстан 11 жылда алғаш рет Дэвис Кубогында өз алаңында ұтылып тұр. Енді біздің теннисшілер әлемдік II топта өнер көрсетеді.

Теннистен Қазақстан құрамасы 2024 жылы 14 қыркүйекте Данияға қарсы ойындарды бастады. Кортқа алғашқылардың бірі болып Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик шықты. Ол Эльмер Мюллерге есе жіберді. Одан кейін өнер көрсеткен Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко (әлемнің 57-ракеткасы)  Август Хольмгреннен (әлемнің 166-ракеткасы) жеңілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: