Футзалдан Қазақстан командасы әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Сурет: olympic.kz
Футзалдан Қазақстан командасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ширек финалға  жолдама беретін матчта қазақстандықтар қазіргі әлем чемпионы Португалияға қарсы ойнады. 

Ойында алғаш болып Шыңғыс Есенаманов есеп  ашса, қарсыластар Зикидің көмегімен теңестірді.

Ал екінші кезеңнің ең соңғы сәттерінің бірінде Дәурен Тұрсағұлов біздің команданы алға шығарып, Қазақстан 2:1  есебімен жеңіске жетті. 

Осылайша, Қазақстан командасы әлем чемпионатының ширек финалына өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қызметкер жұмысқа кешіксе жұмыс беруші айыппұл сала ала ма

Екі облыста қар жауып, жол тайғақ болады: 2 қарашаға арналған ауа-райы болжамы