Дулат Бекбауов Азия чемпионатын сенімді жеңіспен бастады

Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
Бүгін, 30 қарашада Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында Азия чемпионатының алғашқы жекпе-жектері өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 67 келіде әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов 1/8 финалда Тайпей спортшысы Джиа-Джун Чиуан Вангпен қолғап түйістірді.


"Бойы қарсыласынан қарағанда ұзын жерлесіміз айқасты қашықтықтан бақылап, алға ұмтылған Тайпей өкілінің қателігін тиімді пайдаланды. Есеп: 5:0", делінген ресми хабарламада.

Айта кетсек, бұған дейін жарыс бастала салысымен Қазақстан боксшылары алты медальға таласу құқығына ие болғанын жазған болатынбыз.

Азия чемпионаты 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Чианг Мэйде (Таиланд) өтеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Қазақстан Кенияға ЖИ және цифрландыру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

Құрбан айт-2026: мереке қарсаңында қой бағасы қанша?

Құрбан айтта жасалатын амалдар мен тың деректер