"Әл-Хилялдан" кетіп, "Сантосқа" оралған Неймарды жерлестері дүркіретіп қарсы алды

Сурет: Instagram/santosfc
Бразилияның әйгілі "Сантос" футбол клубы Неймардың өздеріне оралғанын жариялады. 32 жастағы футболшы тағы да өз командасы сапында өнер көрсетеді, қазір ол бұрын аты аңызға айналған Пелеге тиесілі 10 нөмірлі жейдені киіп жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.

1 ақпанға қараған түні форвардтың отанына оралу құрметіне орай ресми шара өтті.

Неймардың Сауд Арабиясының "Аль-Хилал" клубынан "Сантосқа" ауысуына байланысты шарттарға қатысты әлі мәлімет берілмеді. 

Неймар - Сантос сапында тәрбиеленіп, 2009 жылдан 2013 жылға дейін осы клубта өнер көрсетті. Шабуылдаушы клуб сапында 225 кездесу өткізіп, 136 гол соғып, 64 рет нәтижелі пас бере білді, алты кубокты жеңіп алды.

Осыдан кейін ол "Барселонаға", содан соң ПСЖ-ға ауысып, 2023 жылы "Әл-Хилал" жейдесінде өнер көрсетті.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, Бразилия дүкендерінде Неймардікі секілді 10 саны бар жейдені сатып алғысы келген жанкүйерлердің үлкен кезегі пайда болған. 

28 қаңтарда "Әл-Хилял" ФК Неймармен келісімшарттың бұзылғанын жариялады.

Неймар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті