"Жапондықтың нәтижесі жойылды". Қазақстандық шаңғышы қола емес, күміс медаль еншіледі

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Бұған дейін қазақстандық шаңғышы Константин Борцов қысқы Азия ойындарында спринт жарысында қола медаль жеңіп алғанын жазған едік. Алайда бұл жарыстың нәтижесін комиссия қайта қарап, оған өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Шаңғы жарысынан ерлер арасындағы спринтте қатысқан Ұлттық құрама спортшысы Константин Борцов 2:58.28 секунд уақыт көрсеткішімен екінші орынға жайғасты.Жапония спортшысының ереже бұзып, жарыстан шеттетілуіне байланысты, отандасымыз күміс жүлдеге ие болды". ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Осылайша отандасымыздың қола жүлдесі күміс медальға өзгерді.

Бұл - Қазақстан құрамасының Харбиндегі қысқы Азиадада жеңіп алған үшінші күміс медалы. 

Бұған дейін 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына бірінші медальді шорт-трекшілер, екінші медальді конькиші Евгений Кошкин салғаны хабарланған. Екеуі де күміс медаль екенін айта кетелік.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Көз тиген баланы қалай емдейді?

Танымал актер Шәріп Серік бес тәулікке қамауға алынды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстанда жасанды интеллект ұлттық орталығы ашылатын болды

Қарағанды ​​облысында құс фабрикасын алапат өрт шарпыды