Дубайдағы WTA-1000 турнирі: Рыбакина жартылай финалда ресейлік теннисшіге жол берді

Сурет: wtatennis.com
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 21 ақпанда жартылай финалда ресейлік Мира Андреевадан жеңіліп, Дубайда өткен WTA-1000 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Матч үш сетте де жалғасып, есеп 4:6, 6:4, 3:6 болды.

Екінші сетте жеңіске жеткеніне қарамастан, Рыбакина бұл басымдығын ары қарай сақтай алмады және шешуші партияда қарсыласына жол берді. 

Финалда Андреева чех теннисшісі Каролина Мухова мен даниялық Клара Таусонның бірімен кездеседі.

Сыйақы қоры 3 664 963 доллар болатын бұл турнир 16-22 ақпан аралығында өтеді. Қазіргі чемпион - итальяндық Жасмин Паолини, ол өткен жылы финалда ресейлік Анна Калинскаяны жеңген (4:6, 7:5, 7:5).

20 ақпанда ширек финалда Елена Рыбакина америкалық София Кенинді (WTA №56) 6:2, 7:6(2) есебімен жеңген болатын..

БАЭ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы