ПСЖ осы маусымдағы үшінші титулға ие болып, тағы екеуіне үміт артып отыр

Сурет: Instagram/psg
Францияның футбол клубы - ПСЖ квадрупл мүмкіндігін сақтап қалған Еуропадағы жалғыз клуб болды. "Париждіктер" 1-Лиганы, Франция Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды, енді алда УЕФА Чемпиондар лигасының финалы тұр, сондай-ақ клубтық әлем чемпионаты тағы бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

25 мамырға қараған түні Луис Энрикенің командасы Франция Кубогының финалында Реймсті 3-0 есебімен жеңіп, осы маусымдағы үшінші кубогын жеңіп алды.

Бұған дейін Париж командасы Франция чемпионаты мен ел Суперкубогының жеңімпазы атанған. 

Енді париждіктерді Чемпиондар лигасының финалы күтіп тұр, олар 31 мамырда итальяндық "Интермен" кездеседі. Сонымен қатар, Энрике командасының осы жазда АҚШ-та өтетін клубтық әлем чемпионатында жеңіске жету мүмкіндігі бар.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты