Дзюдодан Олимпиада жүлдегері Елдос Сметовке шетелде ота жасалды

Сурет: Instagram/yeldos60kg
Дзюдодан Олимпиада жүлдегері Елдос Сметовке шетелде ота жасалды. Спортышының сол иығы сыр берген екен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Былтырғы Париж Олимпиадасында спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан құрамасы қоржынындағы жалғыз алтын медальды ұтқан еді. Содан кейін ол өзге жарыстарда төбе көрсетпеді.

"Мені уайымдап, алаңдаушылық білдіріп жатқандарыңызға рақмет! Италияның Рим қаласында иығыма ота жасатқаным рас. Аллаға шүкір, бәрі жақсы өтті. Өздеріңіз бұрыннан білесіздер, Олимпиадаға дейін де иығымның жарақаты, ұсақ жарақаттарым жиі мазалайтын. Қазір денсаулығыма толық көңіл бөлгенді және толық ем қабылдағанды жөн көрдім. Алла жазса, 2-3 айдан кейін жаттығу, ал жарыстарға келесі жылдың басында қосылуға ниеттімін. "Карьерасын аяқтады" деп сүйіншілегендерге де сәлем жолдаймын. Мен әлі сары "нашивкамен" татамиге шығып күресетін боламын", деп жазды Елдос Сметов Instagram-дағы парақшасында.

Бұған дейін көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Ақмарал Ерекешева доппен өнер көрсетуде алтын медаль, шығыршықтағы жаттығуда күміс медаль иеленгенін жазғанбыз.

Қазақстан
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

"Ауа райы күрт бұзылады". Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Президент 24 қарашаға дейін жемқорлықты күрт азайту жөніндегі шараларды ұсынуды тапсырды

Алматылық әйелдің ұзақ уақыт бойы мазасын алған ер адам сталкинг күдігімен ұсталды

Мемлекет басшысы: Қазақстанда үш жылда 3 мыңнан астам сыбайлас жемқорлық фактісі анықталған