Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында медаль есебінде көш бастады

Сурет: olympic.kz
4-10 шілде аралығында Астанада өткен жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық медаль есебінде бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар арасында:

Ал 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар арасында:

Айта кетейік, қазақстандық зілтеміршілер бұл чемпионатта 3 әлемдік және 6 Азия рекордын орнатты.

Әлихан Әскербай үш алтын медаль жеңіп алып, бірден 6 рекорд (3 әлемдік, 3 Азия) орнатты. Ол 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында "Азияның үздік зілтеміршісі" атанды.

Едіге Емберді құрлық рекордын жаңартып, үш алтын медаль еншіледі және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында "Азияның үздік зілтеміршісі" атанды.

15 жастағы Нұржан Жұмабай 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үш алтын медаль алып, абсолютті чемпион атанды және 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Азия рекордсмені болды.

Денис Полубояринов Азия рекордын жаңартып, 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде абсолютті чемпион атанды.

15 жастағы Ксения Прозорова Қытай мен Өзбекстаннан келген қарсыластарынан басым түсіп, үш алтын медаль алып, 17 жасқа дейінгі қыздар арасында ең жас чемпион атанды.

Кира Данилова сенімді түрде абсолютті чемпион атағын жеңіп алып, Қазақстан құрамасына үш алтын медаль әкелді.

Ерасыл Сәулебеков 88 келіге дейінгі салмақта үш алтын медаль жеңіп алып, 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында үздік нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, Астанада өткен бұл Азия чемпионаты — 2024 жылғы ауыр атлетикадан әлем чемпионатынан кейінгі алғашқы ірі дода.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ондай жан енді қайталанбайды": Баян Алагөзова Меруерт Өтекешеваға тағы да ерекше ықыласын білдірді

Қазақстанда күн райы күрт бұзылады: 5-7 қарашада қалың қар жауып, күн суытады

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

4 қарашадағы Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы валюта бағамы