Универсиада-2025: Қазақстан спортшысы жеңіл атлетикадан финалға шықты

Сурет: olympic.kz
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Овчинникова Германияда өтіп жатқан Универсиада-2025 жарысының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы биіктікке секіру сайысының іріктеу кезеңін сәтті тәмамдады.

Айта кетейік, осы бағдарламада Елизавета Матвеева да бақ сынаған еді. Алайда ол іріктеу кезеңінен өте алмады.

Финал 26 шілдеде өтеді.

Бұған дейін Германияда өтіп жатқан 2025 жылғы Универсиадада Қазақстан құрамасы дзюдодан екі медаль жеңіп алғаны белгілі. 22 шілдеде Қазақстан құрамасы Германияда өтіп жатқан XXXII Дүниежүзілік жазғы Универсиадада алғашқы алтын медалін жеңіп алған болатын. Таэквондошы Самирхон Абабакиров чемпион атанды.

Германия
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді