Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты: қазақстандық бес спортшы финалға жолдама алды

Сурет: Қазақстан бокс федерациясы
Таиландтың Бангкок қаласында жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

6 тамызда 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында жартылай финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр.

60 келіге дейінгі салмақта Нұрислам Қалдыбаев бутандық Дечен Дорджиді мерзімінен бұрын жеңіп, финалға шықты.

65 келіге дейінгі салмақта отандасымыз Илья Калинин филиппиндік қарсыласы Марк Эшли Фаджардоның жарыстан бас тартуына байланысты ақтық сынға өтті.

70 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Мұрсал малайзиялық Мухаммад Арифпен қолғап түйістірді. Нәтижесінде жеңіске жетті.

80 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Санжарәлі Бегалиев Үндістан өкілі Анкуштан басым түсті.

90 келіге дейінгі салмақта Темірлан Мұқатаев оңтүстіккореялық Ячан Мунды мерзімінен бұрын жеңді. Осылайша финалға шықты.

Ал жарыс күнінің екінші бөлімінде әйелдер арасындағы жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді.

Гүлназ Бөрібаева (48 келіге дейін), Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін), Шұғыла Нәлібай (75 келіге дейін) және Әсел Тоқтасын (80 келіден жоғары) ел намысын қорғайды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстандық теннисшілер Roland Garros іріктеу турнирінің ширек финалына мерзімінен бұрын шыққанын хабарлаған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі