Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан өкілдеріне 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама бұйырмады

Сурет: ҚР ҰОК
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының өкілдері Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандастарымыз мұздағы би бағдарламасында 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама жеңіп алу үшін сынға түсті. Жолдамаға қол жеткізу үшін үздік төрттікке ену қажет еді. Алайда бұл міндетті орындау мүмкін болмады. Еркін бағдарламада Датиев пен Наурызова 15-орынға табан тіреді. Қорытынды есепте олар 134.78 ұпай жинап, жалпы 15-орынға тұрақтады, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Олимпиадалық жолдамаларды Эллисон Рид пен Саулюс Амбрулевичюс (Литва) - 198.73, Холли Харрис/Джейсон Чан (Аустралия) - 183.50, София Валь/Асаф Казимов (Испания) - 170.32 және Шиюэ Ван/Синьюй Лю (Қытай) - 168.83 ұпаймен иеленді.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы батуттағы гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль иеленгенін жазғанбыз

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі