ҚР құрамасының шабуылшысы Михаилис ҚХЛ матчының басты жұлдызы атанды

Сурет: Instagram/hcMetallurg
5 қазан күні ҚХЛ аясындағы ойында магнитогорлық "Металлург" Мәскеуде жергілікті "Спартакты" 6:2 есебімен жеңді. Бұл кездесудің басты жұлдызы Қазақстан құрамасының көшбасшысы Никита Михаилис атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық шабуылшы аталған ойында төрт (4) ұпай жинап, екі шайба салып, тағы екі нәтижелі пас берді.

Андрей Разин жаттықтыратын команда үшін бұл ҚХЛ чемпионатындағы соңғы тоғыз ойында жеткен сегізінші жеңіс болды.

"Спартакты" жеңгеннен кейін, Никита Михаилис ойнайтын команда – "Металлург", ҚХЛ-дың Шығыс конференциясы турнирлік кестесінде бірінші орынға көтеріліп, 12 матчтан 20 ұпай жинады.

Айта кету керек, бұл ойын күнінде Михаилистің бұрынғы командасы — елордалық "Барыс" та бір ұпай еншіледі. Алайда олар буллит сериясында Новосібірдің "Сибир" клубына жол берді.

Михаил Кравец баптайтын ұжым қазір Шығыс конференциясында сегізінші орында, еншісінде 12 ұпай бар.

Бұған дейін Элизабет Тұрсынбаева мен Этери Тутберидзе бірнеше жылдан кейін қайта кездескенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды