Дастан Сәтпаев бүгін түнде Қатарға шұғыл ұшатын болды

Сурет: Instagram/f.c.kairat
"Қайрат" футбол клубы 2025 жылы 11 қазанда шабуылшы Дастан Сәтпаевқа қатысты тың ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпаратты "Қайрат" футбол клубы Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Қайрат" шабуылшысы бүгін түнде дәрігерлердің ұсынысы бойынша қосымша қаралуға Дохаға жол тартады", делінген жазбада.

Футболшының жарақатына байланысты жағдайы мен қалпына келу барысы туралы қосымша ақпарат кейінірек жарияланады.

Бұған дейін "Қайрат" пен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Дастан Сәтпаев 9 қазанда Instagram-дағы парақшасында өз жанкүйерлеріне жүгініп, мәлімдеме жасаған. Сөйтіп ол соңғы ойында алған жарақатына байланысты ұлттық құраманың алдағы матчтарына қатыса алмайтынын жеткізді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған