Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors турниріндегі жетінші жекелей титулын жеңіп алды

Сурет: olympic.kz
Оңтүстік Кореяның Вонджу қаласында 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы Азияның бейресми чемпионаты саналып келген беделді ITF Juniors турнирі (J300 санаты) мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы (ITF Juniors рейтингінде 23-орында) әлемдік жасөспірімдер теннисіндегі үздік ойыншылардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Финалда 18 жасқа дейінгі қазақстандық бірінші ракетка Қытай Тайбэйінің өкілі — Куан Чеу Ченмен (әлемдік рейтингте 41-орында) кездесті. Бұған дейін қос спортшы 2024 жылы күзде өткен жасөспірімдер арасындағы Дэвис Кубогының финалдық кезеңінде кездесіп, сол кезде Нұрланұлы 7:6, 6:2 есебімен жеңіске жеткен еді.

Заңғар бұл жолы матч бастала салысымен басымдық танытты. Ол қарсыласына мүмкіндік қалдырған жоқ. Қазақстандық теннисші кездесуді 6:2, 6:1 есебімен қорытындылады.

Бұл жеңіс Нұрланұлының хард төсенішіндегі қатарынан екінші титулы болды. Ол алдыңғы аптада Кореяның басқа қаласы — Чхунчхонда өткен J200 турнирінде де жеңімпаз атанған еді. Осылайша, Заңғардың хардтағы жеңісті сериясы 11 матчқа дейін жалғасты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді