Токиодағы турнирдің жартылай финалына жеткен Рыбакина жарысты ары қарай жалғастыра алмайтынын айтты

Сурет: instagram.com/wta
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токиодағы WTA - 500 турнирінің жартылай финалына дейін жетіп, одан кейін ойынды кілт үзді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) хабарлауынша, оның ары қарай ойнаудан бас тартуына денсаулығы, яғни арқасындағы проблемалары түрткі болған.

"Бүгін кортқа шыға алмайтыным өте өкінішті. Осы аптада арқам сыр берді, соған байланысты 100% беріліп ойнай алмай тұрмын. Жанкүйерлерім бүгін мені таппай қалатындығына, әрине қапалымын, бірақ келесі жылы жақсы өнерімен олардың үдесінен шығамын деп үміттенемін", деп WTA әлемінің жетінші ракеткасының сөзін келтіреді.

Жартылай финалда қазақстандық теннисші Анна Калинскаяның бас тартуынан кейін 1/2-ге шыққан Линда Носковамен кездесуі керек еді.

Орта жолдан тоқтағанына қарамастан, Рыбакина WTA-ның қорытынды турниріне қатысу мүмкіндігіне ие болып үлгерді, жарыс рейтингісінде соңғы, сегізінші орында тұр, осылайша ол ресейлік Мирра Андрееваның алдын орап кетті.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шұғыла Өмірбекті әйелдер арасындағы күрестен U23 әлем чемпионатының жеңімпазы атануымен құттықтады.

Қазақстан
Рыбакина Елена

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі