"Елімай" құрамасы УЕФА Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алды

Сурет: Instagram/fc_elimai 2
2025 жылғы 27 қазанда "Елімай" футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының соңғы турында өз алаңында "Атырау" командасымен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Семейлік футболшылар қарсыласын 3:2 есебімен жеңіп, биылғы маусымды төртінші орынмен түйіндеді. Бұл нәтиже командаға келесі маусымда УЕФА Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінде ойнауға мүмкіндік береді.

Айта кетсек, 2022 жылы қайта құрылған "Елімай" аз ғана уақыт ішінде ел футболының басты командаларының біріне айналды. 2023 жылғы маусымда команда Бірінші лигада бірде-бір жеңіліссіз чемпион атанып, 2024 жылы Қазақстан Премьер-лигасына қайта оралды.

Өз кезегінде футболшыларды өңір басшысы Берік Уәли тарихи жеңісімен құттықтады.

Бұған дейін "Қайрат" құрамасы "Астанамен" тең ойнап, Қазақстан чемпионы атағын қорғап қалғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Ресей өзінің жаңа көліктерін Қазақстанға импорттауды доғара бастады