Азия ойындары: жағажай волейболынан Қазақстан құрамасы алтын және қола медаль иеленді

Сурет: ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Қазақстанның жағажай волейболы құрамасы Бахрейннің Манама қаласында өткен III жасөспірімдер Азия ойындарындағы жарыс жолын аяқтады. Қазақстандық спортшылар ел қоржынына бір алтын және бір қола медаль салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті бұл реттегі алтын медаль ерлер командасына тиесілі екенін нақтылайды.

Олар финалда Тайланд құрамасын 2:0 есебімен жеңіп, басымдық танытты. Команда құрамында Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш ерекше көзге түсті.

Қола медлаь әйелдер командасына бұйырды.

Олар үшінші орын үшін өткен матчта Малайзия құрамасын 2:1 (19:21, 22:20, 15:12) есебімен жеңді. Команда сапында Гаяна Галаш пен Мерей Қожахмет өнер көрсетті.

Жалпы есепте Қазақстан құрамасының еншісінде қазір 42 медаль бар: 11 алтын, 10 күміс және 21 қола.

Бұған дейін Рамина Маханова Бахрейнде өтіп жатқан III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокстан қола медаль иеленгенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

6 қарашада Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған