Талғат Жайлауов хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

Сурет: icehockey.kz
Талғат Жайлауов 2025 жылғы 17 қарашада хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Қазақстан хоккей федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Белгілі болғандай, ұлттық команда 20–23 қараша аралығында Қытайда өтетін Азия чемпионатына дайындықты бастайды.

Сонымен қатар жаттықтырушылар штабына "Номад" бас бапкері Константин Пушкарёв, "Торпедо" бас бапкері Андрей Корабейников және "Номад" қақпашылар маманы Александр Кудрявцев қосылды.

Федерацияның мәліметінше, Жайлауов 2023 жылдан 2024 жылға дейін "Барыстың" жаттықтырушылар штабында жұмыс істеді, сондай-ақ 2024 жылғы Олимпиадалық біліктілікте, 2025 жылғы Азия чемпионатында және 2025 жылғы әлем чемпионатында ұлттық құраманың штабына кірді.

Ойыншы ретінде ол Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ұлттық құрамаларында ойнады, тоғыз әлем чемпионатына, үш Олимпиадаға дейінгі іріктеу турнирлеріне және 2007 және 2011 жылдардағы Азия ойындарына қатысты.

Бұған дейін таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Бауыржан Хасенов Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күмістен алқа таққанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі