Дубайда өткен әлем чемпионатында отандық боксшылар қанша табыс тапты

Сурет: Zakon.kz
Кеше, 13 желтоқсанда Дубайда өз мәресіне жеткен IBA нұсқасы бойынша өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бірнеше жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы sportarena.kz жазады.

World Boxing нұсқасында жүлдегерлерге ақшалай төлемдер қарастырылмаса, ал IBA тек медаль иегерлеріне ғана емес, ширек финалға жеткен спортшыларға да сыйақы төлейді. Жарыс регламентіне сәйкес, әлем чемпиондары 300 мың доллардан, финалға шыққандар 150 мың доллардан, қола жүлдегерлер 75 мыңнан, ал ширек финалға жеткендер 10 мың доллардан алады.

Осы жағынан алғанда, Қазақстанның әлем чемпиондары Сәкен Бибосынов, Оразбек Асылқұлов және Абылайхан Жүсіповтің әрқайсысы 300 мың доллардан табыс тапты. Күміс медаль иесі - Сабыржан Аққалықов 150 мың доллар алады. Қола жүлдегерлер Ертуған Зейнуллинов пен Теміртас Жүсіповтің әрқайсысы 75 мың доллардан өз кірістерін толықтырды.

Ширек финалға жетіп, сүрінген боксшылар – Санатәлі Төлтаев, Даниял Сәбит, Серік Теміржанов және Нұрлан Сапарбай 10 мың доллардан сыйақы алады.

Жалпы, қазақстандық спортшылар әлем чемпионатында 1,24 млн доллар табыс тапты.

Ал IBA ұйымдастырған әлем чемпионатында жүлде алған қазақстандық боксшыларға мемлекеттен қосымша сыйақы төленбейді.

Бұған дейін бокстан Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанғанын жазғанбыз.

БАЭ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған