World Boxing "Жылдың үздік боксшысы" атағынан үміткерлер тізіміне екі қазақстандық боксшыны қосып қойды

Сурет: ҚР ҰОК
World Boxing халықаралық федерациясы "Жылдың үздік боксшысы" атағына үміткерлерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үміткерлер тізіміне Қазақстан ұлттық құрамасының екі боксшысы енді, деп жазады Ұлттық олимпиада комитеті.

Ерлер арасында биыл әлем чемпионатында жеңіске жетіп, Астанада өткен Әлем кубогының кезеңінде топ жарған Махмұд Сабырхан номинацияға ұсынылды. Ал әйелдер арасында Наталья Богданова үміткер атанып отыр. 2025 жылы ол әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, әр номинация бойынша бес боксшыдан ұсынылған. Дауыс беру 26 желтоқсанға дейін жалғасады және Instagram желісінде жанкүйерлер арасында "1 лүпіл = 1 дауыс" ережесімен өткізіледі.

Жерлестерімізге осы сілтеме арқылы дауыс беруге болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты