Какау футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне оралды

Сурет: Instagram/kff_team
16 қаңтарда Рикардо Камара Собрал (Какау) футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚФФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 54 жастағы маман отандық футзал жанкүйерлеріне жақсы таныс. Өйткені ол бұған дейін 2013-2018 жылдар аралығында футзалдан Қазақстан құрамасын баптаған.

Ұлттық құрама оның жетекшілігімен 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алып, тарихи жетістікке жеткен. 

Какау клубтық деңгейде алматылық "Қайратта" жұмыс істеді: 2013 және 2015 жылдары футзалдан УЕФА Кубогын иеленді. Одан бөлек, Қазақстан чемпионаты мен Кубогын бірнеше мәрте жеңіп алды. 

Кейін Какау Италияның "Наполи", Румынияның "Юнайтед Галати", Кувейт, Ирак және Біріккен Араб Әмірлігі құрамаларын жаттықтырды.

Бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасының боксшысы Ертуған Зейнуллинов ұзақ үзілістен кейін өзбекстандық Асадхужа Муйдинхожаевқа қарсы өткізген жекпе-жегіне қатысты білдірген пікірін жариялаған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі