Australian Open: Рыбакина екінші рет чемпиондық атаққа таласу мүмкіндігіне ие болды

Сурет: olympic.kz
Теннистен Австралия ашық чемпионатының 12-ші ойын күні Қазақстан әйелдер құрамасы үшін өте сәтті өтті. Анна Данилинадан кейін Елена Рыбакина да турнирдің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатының жартылай финалында әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Джессика Пегуламен өзара бақ сынасты.

1 сағат 40 минутқа созылған матчта Рыбакина 6 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Пегула 2 эйс, 3 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті. Есеп: 6:3, 7:6 (9:7).

Енді Елена Рыбакина финалда әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен чемпиондық атақты өзара сарапқа салады. Ол жартылай финалда рейтингіде 12-орындағы украиналық Элина Свитолинаны айқын басымдылықпен (6:2, 6:3) жеңген болатын. 

Рыбакина мен Соболенко кездесуі 31 қаңтарға жоспарланған.

Бұған дейін Анна Данилина да финалға шыққанын жазғанбыз.

Қазақстан
Рыбакина Елена

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды